Елордалық спортшылар конкурдан халықаралық жарыста 33 медаль жеңіп алды
23 сәуір, 2025
Фото: Астана қаласы әкімдігінен
Астаналық спортшылар Ресейде конкурдан өткен жарыста 33 медаль жеңіп алып, жеңімпаз атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Челябинск қаласында конкурдан беделді жарыс өтті, онда елордалық спортшылар дайындығының жоғары деңгейін көрсетті.
Жарыста Астананың атынан «Арғымақ» ат-спорт кешенінің шабандоздары қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша елордалық спортшылар 12 бірінші, 10 екінші және 11 үшінші орынға ие болды.
Жарыс үш жас санатында өтті: балалар, жасөспірімдер және ересектер.
«Балалар» номинациясы бойынша астаналық жас қатысушылар үшін бұл алғашқы халықаралық жарыс болды. Олар Қазақстанның намысын абыроймен қорғады.
Ұқсас жаңалықтар
13 наурыз, 2026
Астаналық балуан ел чемпионатында топ жарды
11 наурыз, 2026
Меруерт Балғынбаева: Ақмарал бағдарламаның күрделілігіне ерекше көңіл бөледі
11 наурыз, 2026
Alem Cup: Ақмарал Ерекешева жеке сайыста екі дүркін чемпион атанды
10 наурыз, 2026
Астаналық садақшылар әлемдік турнирде үздік атанды