Елімізде аграрлық-өнеркәсіптік кешендегі қайта өңделген өнімдер экспорты ұлғайтылып жатыр
2 желтоқсан, 2025
Үкімет
Биылғы 10 айда азық-түлік өнімдерін шығару 3,1 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 9,1%-ға жоғары. Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ол азық-түлік өндірісіндегі негізгі капиталға салынған инвестициялар 60%-ға өсіп, 225 млрд теңгені құрағанын атап өтті.
«АӨК-тегі қайта өңделген өнімдер экспортында да оң динамика байқалады. Осы жылдың 9 айында өңделген өнім экспорты $2,5 млрд-қа жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30%-ға жоғары», - делінген хабарламада.
Еске салайық, Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстаннан 3,1 млн тонна астық экспортталғанын хабарлаған еді.
Ұқсас жаңалықтар
2 тамыз, 2026
Үкіметте Ұлытау облысын дамыту жөніндегі инвестициялық жобалар қаралды
1 тамыз, 2026
Қазақстанда білім, технология және жаһандық бәсекеге қабілеттілік басым бағыттар ретінде айқындалған
31 шілде, 2026
Олжас Бектенов бизнесті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
31 шілде, 2026
Үкімет гидроэнергетика саласын дамыту жоспарын бекітті