Бибігүл Жексенбай алаяқтықтан зардап шеккендерді қорғаудағы олқылықтарды атап өтті

Бүгін, 11:55
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Бибігүл Жексенбай алаяқтықтан зардап шеккендерді қорғаудағы олқылықтарды атап өтті
Фото: Сенаттың баспасөз қызметінен

Сенатор Бибігүл Жексенбай азаматтардың алаяқтардан қорғану мүмкіндігінің аздығы мен жекелеген мемлекеттік органдардың енжар көзқарасы туралы депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Депутат сауалына тұрғын үй құрылысына миллион теңге салған мүгедектігі бар адамдар отбасының сенаторға өтініш айтуы себеп болды. Алайда ақшаны алған құрылыс салушы қашып кеткен. Қарызды жабуға тырысқан отбасы алаяқтар ұрлап әкеткен несиелік көліктен де айырылды, бірақ банк алдындағы міндеттемелер сақталып отыр.

Сенатор мемлекеттік органдарға жасалған өтініштер нәтиже бермегенін және атүсті жауаптар беріле бастағанын атап өтті. 2021 жылы шығарылған сот шешімі әлі орындалған жоқ, өйткені борышкердің мүлкі жоқ.

Оның айтуынша, заңда сот шешімдерін орындаудан жалтарғаны, оның ішінде активтерді жасырғаны үшін жауапкершілік белгіленген. Алайда, іс жүзінде бұл нормалар жұмыс істемейді және зардап шеккендер қорғаудан сырт қалған.

«Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған азаматтар көбінесе әдеттегі жағдайдағы байланыс орталықтарын, цифрлық қызметтерді немесе ЖИ көмекшілерін пайдалана алмайды. Нәтижесінде, қорғауға мұқтаж адамдар жүйеден тыс қалуда. Осыған байланысты алаяқтықпен және осал азаматтарды қорғауға байланысты істер бойынша сот шешімдерін орындаудың бірыңғай мекемеаралық келісілген практикасын, сондай-ақ сот-құқық қорғау органдары, сот орындаушылары, банктер және өзге де құрылымдардың іс-қимылдарын нақты үйлестіруді қарауды сұраймыз. Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған азаматтарға арналған өзара іс-қимыл мен көмектесетін балама арналармен қоса мемлекеттік және цифрлық сервистердің қолжетімділігін қамтамасыз ету керек. Сондай ақ сот актілерін орындамағаны үшін жауапкершілікті күшейту туралы мәселені қарауды сұраймыз», - деді сенатор.