Сенаторлар бірқатар заңдарды мақұлдады

Бүгін, 16:04
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Сенаторлар бірқатар заңдарды мақұлдады
Фото: Сенаттың баспасөз қзыметі

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен Палата отырысы өтті. Депутаттар сонымен қатар психологиялық қызмет, жергілікті өзін-өзі басқару, кедендік реттеу, қаржы нарығын жетілдіру және цифрландыру, әлеуметтік саясат, сондай-ақ радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу мәселелеріне қатысты заңдарды мақұлдады., деп хабарлайды Elordainfo.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сонымен қатар, сенаторлар экология және экономиканың жекелеген салаларын жетілдіруге қатысты заңды екінші оқылымда қараған болатын. Құжаттарға түзетулер енгізіліп, олар жаңа редакциясымен Мәжіліске қайтарылды.

Сенат отырысында трансшекаралық су ресурстарын бірлесіп басқару, ҰҚШҰ аясындағы ынтымақтастық және Еуразиялық экономикалық одақ пен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы экономикалық әріптестікке қатысты халықаралық келісімдер де ратификацияланды.