Референдум-2026

Сенаттың ел тарихындағы соңғы отырысы өтті

Бүгін, 14:04
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Сенаттың ел тарихындағы соңғы отырысы өтті
Фото: ҚР Парламенті Сенаты

Бүгін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палатаның қорытынды отырысы өтті. Депутаттар бірқатар заңды мақұлдады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мәулен Әшімбаев биыл Қазақстан Парламентінің 30 жылдығы аталып өтіп жатқанын айта келіп, осы уақыт ішінде Парламент өкілді демократияның негізгі институтына айналғанын және ел өмірінің барлық негізгі саласын қамтитын маңызды заңдарды қабылдағанын атап өтті.

Сондай-ақ ол еліміз үшін тағдыршешті кезеңде Сенат депутаттары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімін жоғары бағалайтынын жеткізді және жаңа Конституцияны толық іске асыру мен Әділетті Қазақстанды құру жолында барлық прогрессивті қоғамдық-саяси күштердің бірігуі аса маңызды екеніне тоқталды.