Астанада Сығанақ пен Әйтеке би көшелерінің қиылысы жартылай жабылды
29 сәуір, 2026
Фото: Оңалхан Өнерхан
Астанада Сығанақ және Әйтеке би көшелерінің қиылысындағы бағдаршамды абаттандыру жұмысының жүргізілуіне байланысты, 29 сәуір мен 13 мамыр аралығында көлік қозғалысы ішінара шектелетін болады, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
Еске сала кетейік, Астанада үш автобустың жүру бағыты өзгерді.
Ұқсас жаңалықтар