Almaty Museum of Arts музейінде Олжас Сүлейменовке арналған көрме ашылды
Almaty Museum of Arts музейінде көрнекті ақын, қоғам қайраткері, дипломат әрі зерттеуші Олжас Сүлейменовтің 90 жас мерейтойына арналған мәдени іс-шара өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Жиынға мәдениет пен өнер қайраткерлері, жазушылар, архив ісінің мамандары және ақын шығармашылығының жанашырлары қатысты.

Кездесуде Олжас Сүлейменовтің қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан үлесі, қоғамдық қызметі және шығармашылық мұрасының маңызы сөз болды. Іс-шара аясында ақынның өмірі мен шығармашылық жолының әр кезеңінен сыр шертетін архивтік фотоқұжаттар көрмесі ұйымдастырылды. Бүгінде архив қорында Олжас Сүлейменовке қатысты жүзге жуық құжат сақтаулы.
Мәдени іс-шараны Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар және дыбыс жазбалары архиві Almaty Museum of Arts музейімен және ЮНЕСКО аясындағы Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.
Еске салсақ, Алматыда Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған халықаралық форум өтті.