Абай облысында ірі өрт сөндірілді
16 ақпан, 2025
фото: ТЖМ
Мақаншы ауданы Мақаншы ауылында жеке тұрғын үйдің ауласында бір шатырдың астындағы гараж, дүкен және шаруашылық құрылысы жанған, деп хабарлады Elordainfo.kz.
ТЖМ мәліметінше, өрт сөндіру жасақтары оқиға орнына төрт минутта жеткен.
Өрттің кеш хабарлануынан және шатырдың ағаштан жасалуына байланысты өрт өрши түскен.
Құтқарушылар сыйымдылығы 50 литр болатын екі газ баллонын қауіпсіз жерге шығарып, 140 шаршы метр алаңдағы өртті сөндірді.
Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.
Ұқсас жаңалықтар
14 наурыз, 2026
Астанада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам қамалды – ВИДЕО
13 наурыз, 2026
Елімізде жыл басынан бері заңсыз айналымнан 580 қару тәркіленді
12 наурыз, 2026
Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, 11 адам эвакуацияланды
12 наурыз, 2026
ШҚО-да жол саласындағы мекемеде жұмыста жоқ адамға жалақы төленіп келген