00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Жеңіс Қасымбектің Байқоңыр ауданы тұрғындарымен кездесуі басталды

Жеңіс Қасымбектің Байқоңыр ауданы тұрғындарымен кездесуі басталды
фото: Сұлтан Сейітов

Астанада қала әкімі Жеңіс Қасымбектің Байқоңыр ауданы тұрғындарымен кездесуі басталды, деп хабарлады Elordainfo.

Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназияда өтіп жатқан кездесуде ең алдымен Байқоңыр ауданының әкімі Талғат Рахманберді жергілікті тұрғындарға есеп берді.

«Ең алдымен, осы жиынымызға қатысып отырған, ауданымыздың дамуына белсенді атсалысып келе жатқан аудан тұрғындарына алғыс білдіремін.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында аудан әкімдігіне жыл басынан бері 20 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Жеке қабылдаулар мен кездесулерде 858 сұрақ қойылды. Іс жүзінде барлық өтініштер пысықталып жатыр, әлі де бірқатар сұрақтар шешіледі. Негізінен онда абаттандыру, көгалдандыру және жол инфрақұрылымы мен тұрғын үй мәселелері көтерілген. Өтініштерді талдау бойынша қадамдық іс-қимыл жоспары әзірленді»,- деді Байқоңыр ауданының әкімі.

Талғат Рахманбердінің айтуынша, ауданда тазалықты сақтау үшін 28 арнайы техника сатып алынған. Жыл соңына дейін тағы 31 техника сатып алынып, арнайы техника паркі 20 пайызға жаңартылмақ.