Дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды
Қазақстан дзюдо федерациясы Бакуде (Әзербайжан) өтетін ересектер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын балуандардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.
Дүбірлі додада ел намысын 15 дзюдошы қорғайды.
Ерлер:
60 келіге дейін: Аман Бақытжан, Шерзод Давлатов
66 келіге дейін: Нұрқанат Серікбаев, Асылжан Жұбатқанов
73 келіге дейін: Есет Қуанов, Аңсарбек Ғайнуллин
81 келіге дейін: Жалғас Қайролла, Абылайхан Жұбаназар
90 келіге дейін: Данил Крылов
Әйелдер:
48 келіге дейін: Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева
63 келіге дейін: Эсмигүл Куюлова
78 келіге дейін: Аруна Жангелдина
78 келіден жоғары: Ақерке Рамазанова, Камила Берліқаш
Отандастарымыз жекелей және аралас командалық сайыста сынға түседі.
Айта кетейік, әлем біріншілігі 4-11 қазан аралығында өтеді.