Елордада полиция қызметкерлері есірткі заттарын сақтады және таратты деген күдікпен 26 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Күдікті екі жасырын орыннан есірткіне алып жатқан кезде ұсталды. Аталған орындардан қала аумағында таратуға арналған тыйым салынған заттары бар 100-ден астам орама тәркіленді.
Кейін күдіктінің тұрғылықты жері тінтілді. Тінту барысында аяқ киім қорабының ішінен ақ түсті, ұнтақ тәрізді, өзіне тән иісі бар, мефедрон мен альфа-PVP-ге ұқсас заттар салынған қосымша орама анықталды. Орамалардың сырты түрлі түсті оқшаулағыш таспамен оралған.
Еске салсақ, Жамбыл облысында үнді қарасорасы өсірілген алқапты полиция дрон арқылы анықтады.