Құрылтайда Қоғамдық қабылдау ашылды

Бүгін, 15:39
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Құрылтайда Қоғамдық қабылдау ашылды
Фото: Құрылтай

Құрылтай пикері Айбек Дәдебайдың төрағалығымен өткен Бюро отырысында І шақырылымдағы Құрылтайдың Қоғамдық қабылдауын ашу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Құрылтай төрағасының орынбасары Динара Закиеваның айтуынша, Қоғамдық қабылдау азаматтармен тікелей қарым-қатынас орнатуға, олардың өтініштері мен ұсыныстарын зер салып қарауға арналған алаң болмақ.

Құрылтай төрағасының тапсырмасы бойынша Қоғамдық қабылдауда депутаттардың азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру және өткізу қағидалары әзірленді. Депутаттардың қабылдау кестесі барлық фракциялар және комитеттермен келісіліп, Құрылтайдың ресми сайтында орналастырылды.

Қоғамдық қабылдаудың жұмысын үйлестіруді Құрылтай депутаттары Константин Авершинге, Айжан Аймағановаға және Шолпан Кариноваға жүктеу ұсынылды.

Құрылтай депутатының қабылдауына Құрылтайдың ресми сайты арқылы электрондық өтініш жолдау, жазбаша немесе қолма-қол өтініш беру, сондай-ақ тікелей ауызша жүгіну арқылы жазылуға болады.