Астанада Р.Қошқарбаев даңғылының бір бөлігі жабылады

Бүгін, 17:31
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада Р.Қошқарбаев даңғылының бір бөлігі жабылады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада 15-20 қыркүйек күндері Р. Қошқарбаев даңғылының Ш.Құдайбердіұлы даңғылы мен Абылай хан даңғылы аралығында салмақ өлшейтін датчиктерді орнатуға арналған асфальтбетон жабынан төсеу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл ретте көлік қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды барынша азайту мақсатында тиісті жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін С.Нұрмағамбетов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы шектелетінін жаздық.