Астанада С. Нұрмағамбетов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі

14 қыркүйек, 2026
Жәнібек Амангелді Жәнібек Амангелді
Астанада С. Нұрмағамбетов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі
Фото: Астана қаласы әкімдігі

С. Нұрмағамбетов көшесінің Ш. Қалдаяқов көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейінгі аралықта орташа жол жөндеу жұмысын жүргізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Осыған байланысты, 15-17 қыркүйегі аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Көлік қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.

Жүргізушілер маршруттын алдын ала жоспарлауы қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уақытша жол белгісі қойылады. 

Еске сала кетсек, Астанада ақылы автотұрақтарды басқару жүйесі өзгеріп, жүргізушілерге арналған жаңа UIMS Parking платформасы іске қосылды.