Жаңа жылдық инсталляциялар ұлттық нақышта безендіріледі

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жаңа жылдық инсталляциялар ұлттық нақышта безендіріледі
Фото: Астана қаласы әкімінің әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

Қаланың барлық ауданында сырғанақтар мен мұз айдындарын, фотоаймақтар мен жаңа жылдық инсталляцияларды ұлттық нақышта сәндейміз. Мәселен, ЭКСПО аумағында түрлі түспен безендірілген шаңырағы бар киіз үй орнатылды, оның ішінде де түрлі фотоаймақтары бар. Бүгін ЭКСПО аумағында қаланың бас шыршасын жақтық. Оның биіктігі - 25 метр, ал шыршаның жоғарғы жағында жарық шашатын 2 метрлік ақ ұлпа қар қолданылды. Шыршаны жағу барысында елорда тұрғындары мен қонақтарына арнап концерттік бағдарлама, жаңа жылдық жәрмеңке, слайдтар, мұз айдыны, фуд-корт, арнайы тақырыпқа негізделген фотоаймақтар және т.б. ұйымдастырылды, - деп жазды қала әкімі,