ТЖМ құтқарушылары жоғалған малшыларды тапты
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінен
Бүгін Ұлытау облысында құтқарушылар кеше кешке мал іздеуге шығып, жоғалған екі малшыны тапты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Оқиға Жезқазған қаласы, Сарыкеңгір ауылдық округі, Сарыбұлақ қыстағы маңында орын алған.
«Құтқарушылар жедел түрде көмекке келіп, іздестіру жұмыстарын қарда жүретін көлік және арнайы техника көмегімен жүргізді. Нәтижесінде малшылар аман-есен табылып, эвакуация мен медициналық көмекті қажет етпеді», - делінген хабарламада.
ТЖМ қыста алысқа шықпас бұрын көлік пен техниканың ақаусыздығын мұқият тексеру қажеттігін ескертеді.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 15:13
Құтқарушылар Алматы тауларында адасқан туристерді эвакуациялады
Бүгін, 13:12
Құлсары қаласында көшеде жүрген түйе баланы таптап кетті
Бүгін, 12:52
Жамбыл облысында оқушының сабаққа қатыспағаны үшін ата-анасы жазаланды
Бүгін, 11:34
Ақтөбедегі жол апаты: ауыр жарақат алған бір адам Астанаға жеткізілді
