Әйел сатылған үйінің жертөлесінде жеті жыл бойы жасырын тұрып келген

Бүгін, 17:11
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Әйел сатылған үйінің жертөлесінде жеті жыл бойы жасырын тұрып келген
Фото: freepik.com

Қытайлық азамат үйінің бұрынғы иесінің жеті жыл бойы жертөледе жасырын тұрып келгенін анықтады. Ол үйді сатып алған кезде мұны байқамаған, деп хабарлады Elordainfo.kz Scmp.com сайтына сілтеме жасап.  

Қытайлық Ли есімді азамат үйді 2018 жылы сатып алған. 

«Баспана жақсы жерде орналасқан. Оның үстіне жөндеу жұмыстары жақсы жүргізілген соң сатып алдым», - дейді ол. 

Алайда ол жеті жылдан кейін баспалдақ астынан жасырын есік тапқан. 

«Есіктен кірген кезде ол жердің жақсы жабдықталғанын байқадым. Желдеткіші бар, шағын жер. Тіпті жиһаздары бар», - дейді ол. 

Жертөледе үйдің бұрынғы иесі Чжан есімді әйел тұратын болып шықты. Әйел жертөленің үйді сату бағасына қосылмағанын айтқан. Сондай-ақ ол демалыс кездері жеке меншігінде осы жертөледе тұрып келгенін жеткізген. 

Ли әйелдің сөзіне қанағаттанбай, сотқа жүгінген. Сот оның пайдасына шешім шығарып, Чжанды жертөлені босатып, өтемақы төлеуге міндеттеді. Енді әйел үй-жайдан кетуі керек. Ал Ли отбасы үйді толық иелігіне алады.