Димаштың әні америкалық чарттарда жоғары орындардан көріне бастады

Фото: dimashnews
Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің «Smoke» әні Американың Amazon және iTunes чарттарына енді, деп хабарлады Elordainfo.kz dimashnews сайтына сілтеме жасап.
30 қаңтарда трек iTunes Top 100 рейтингінде орта тұста болып, 32-ші орынға жеткен болса,Amazon-да «Best Sellers in Songs» санатында бұл ән үздік ондыққа кірді. Ал «Best Sellers in Pop» категориясында ән рейтингте бірінші орын алды.
«Smoke» әні 2024 жылдың 26 сәуірінде шыққан. Шығарманың композиторы – Димаштың өзі, мәтіннің авторлары – Кэндис Келли мен Дмитро Гордон.
Сондай-ақ Димаш Құдайберненнің «Love’s not over yet» әнінің премьерасы 7 наурызда болмақ. Оны композитор және продюсер Вальтер Афанасьев бастаған халықаралық авторлар ұжымы дайындайтын болады.
Ұқсас жаңалықтар

15 қыркүйек, 2025
Астанада «Шәкәрім» музыкалық драмасының премьерасы өтеді

14 қыркүйек, 2025
Аида Балаева қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады

12 қыркүйек, 2025
Ұлттық кітапхана жаңа сирек қолжазбамен толықты

11 қыркүйек, 2025
Димаш Құдайберген продюсерлік ететін музыкалық шоудың түсірілімі басталды