ІІМ: Полиция тәулік ішінде үш есірткі зертханасын жойды
5 ақпан, 2025
Фото: Polisia.kz
ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері бір тәулік ішінде Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында үш есірткі зертханасын жойды, - деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Күдіктілер ұсталды - екі ер адам мен бір әйел. Анықталғандай, олар алты ай бойы есірткі өсірумен айналысып, әрқайсысы 50 кг марихуана дайындаған. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ұсталғандарға 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр», - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.
Ұқсас жаңалықтар
27 қыркүйек, 2026
Астанада Еңбек күніне арналған челлендж басталды
27 қыркүйек, 2026
Астаналық оқушылар Еңбек күнін ерекше флешмобпен атап өтті
27 қыркүйек, 2026
«Еңбек келбеті»: Астанада еңбек адамдарына арналған фотокөрме өтті
26 қыркүйек, 2026
«Таза Қазақстан»: «Нұра» ауданында 400-ге жуық ағаш отырғызылды