Сарыарқа ауданында «Шашбаулым» сұлулық байқауының жеңімпазы анықталды
Елордада «Шашбаулым» сұлулық байқауы өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Аудан әкімдігі таратқан мәліметке сүйенсек, байқау жеңімпазы «Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» колледжінің жас және талантты студенті Тілеужан Айдана атанды.
Іс-шараға «Сарыарқа» ауданының білім беру мекемелерінің атынан 12 қыз қатысты. Байқауды Астана қаласы әкімдігі мен "Қара шаңырақ" қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.
Қатысушылар өз халқының салт-дәстүрін, тарихын және мәдениетін жақсы білетінін және құрметтейтінін көрсетті. Дарындар байқауында қыздар халық билерін, вокалдық нөмірлерді және басқа да көркемдік қойылымдарды қойып, өз өнерлерін паш етті.
Байқауға қатысқан аудан сұлуларына белгілі зергер Зият Әлібай күміс әшекейлер сыйлады. Сондай-ақ оған ұлттық нақыштағы сыйлықтар табысталды.