С.Нұрмағамбетов көшесінде орташа жөндеу жүргізіледі
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
Оңалхан Оңерхан
Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында С.Нұрмағамбетов көшесінде орташа жөндеу жүргізіледі, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Осыған байланысты 7-8 қазан аралығында Р. Қошқарбаев даңғылынан бастап А. Байтұрсынов көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
Ұқсас жаңалықтар