Президент шыршасына 200 бала шақырылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Президент шыршасына 200 бала шақырылды
Фото: Қала әкімінің Instagram парақшасынан алынды

Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

В праздничные дни проводим для детей новогодние ёлки. На ёлку от имени Главы государства были приглашены 200 детей. Это дети, оставшиеся без попечения родителей, из малообеспеченных и многодетных семей, с особы (1).jpg

Мереке күндері балаларға арнап жаңа жылдық шыршалар өткіземіз. Мемлекет басшысының атынан шырша мерекесіне 200 бала шақырылды. Олар – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан, ерекше қажеттіліктері бар, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылықта немесе қоғамдық өмірде жетістікке жеткен дарынды балалар, - деді әкім.

В праздничные дни проводим для детей новогодние ёлки. На ёлку от имени Главы государства были приглашены 200 детей. Это дети, оставшиеся без попечения родителей, из малообеспеченных и многодетных семей, с особы (3).jpg

Балалар үшін түрлі-түске боялған шоу-қойылым ұйымдастырылды. 

В праздничные дни проводим для детей новогодние ёлки. На ёлку от имени Главы государства были приглашены 200 детей. Это дети, оставшиеся без попечения родителей, из малообеспеченных и многодетных семей, с особы (2).jpg

Жаңа жылдық сыйлық ретінде киім, жұмсақ ойыншықтар, спорттық рюкзактар және т.б. сатып алуға болатын сертификаттар табысталды. Балаларға арналған шырша мерекесін аудан әкімдіктері де ұйымдастырады. Әрбір отбасыға, әр балаға зор денсаулық, бақыт, табыс және армандарының орындалуын тілеймін! Біз өз тарапымыздан балаларымыз бен ата-аналарымыздың жағдайын жасауды жалғастыра береміз! – деді Жеңіс Қасымбек.