Назарбаев университетінің студенті жатақхананың 12-қабатынан құлап, көз жұмды

Астанадағы Назарбаев университетінің студенті жатақхананың 12-ші қабатынан құлап, көз жұмды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Әлеуметтік желіде қыздың жасы 22-де екенін жазып жатыр.
«Кампус аумағында болған қайғылы жағдайға қатысты университет қайғырып оырған отбасына және оның жақындарына көңіл айтады. Осыған қатысты төтенше қызмет пен құқық қорғау органы жұмылдырылды. Қазіргі таңда студенттер мен қыздың жақындарына психологиялық қолдау көрсетіліп жатыр», - деп жазылған хабарламада.
Осыған қатысты Астана қаласы Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.
«Елорданың 22 жастағы тұрғынының денесі табылуы фактісі бойынша полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғады. Алдын ала мәліметтер бойынша, қыз жатақхананың 12-қабатының терезесінен құлаған. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайлары бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», - деп жазылған хабарламада.



