Елорданың бірқатар көшелерінде кәріз желілерін жөндеу жұмыстары жүргізіледі
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елорданың бірқатар көшелерінде кәріз желілерін жөндеу жұмыстары жүргізіледі](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17207707724991702.webp)
Фото: Оңалхан Өнерхан
Елорданың бірқатар көшелерінде кәріз желілерін жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Іргелес учаскеде жол қозғалысын ұйымдастыру өзгертіледі, жүргізушілер маршрутты алдын ала жоспарлауы, өте мұқият болуы және жол белгілерінің талаптарын сақтауы қажет. Тәуелсіздік даңғылы мен Мұңайтпасов көшесінің қиылысында бағдаршамның қозғалысын ұйымдастыру және жұмыс режимі өзгереді, - делінген хабарламада.
Әлімбаев көшесі арқылы өтетін жол алынып тасталады және Белжайлау көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейінгі жол қозғалысы толығымен шектеледі.
№1 қалалық балалар ауруханасы мен №13 емханаға келушілер үшін Тәуелсіздік даңғылынан уақытша кіру қамтамасыз етілді. Энергетик шағын ауданының тұрғындары үшін Тоқпанов көшесінен кіруге болады.
Ұқсас жаңалықтар