Елордалық жас мәнерлеп сырғанаушылар мұз шоуында әлемдік жұлдыздармен өнер көрсетеді
Астанада 30 қараша күні халықаралық мұз шоуы өтеді, онда әлемдік мәнерлеп сырғанаушылармен бірге елорданың жас спортшылары мұз айдынына шығады, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Мұз айдынына 10-12 жас аралығындағы №2 БЖСМ-да оқитын 12 бала шығады, олар әлемдік жұлдыздармен бірге өнер көрсетеді.
Шоу үздік мәнерлеп сырғанаушылардың басын қосады, олардың арасында екі дүркін Олимпиада чемпионы Евгений Плющенко, Ресей чемпионы Александра Трусова, әлем чемпионы Дмитрий Алиев және т.б. бар. Ұйымдастырушылар үздік спортшылармен қатар жас қатысушылар да көрермендердің ерекше ықыласына бөленеді деп сенеді.
Жастар арасында Қазақстан чемпионаты мен кубогінің жүлдегері Мария Полехина және спартакиада жүлдегері Алана Охрименко бар. Балалар «Щелкунчик», «Күлбике мен әдемі ханзада» сияқты әйгілі ертегілерге, сондай-ақ классикалық «Аққу көлі» және «Кішкентай су перісі» балеттерінің үзінділеріне негізделген қойылымдарды көрсетеді.
Жас мәнерлеп сырғанаушыларды тәжірибелі тәлімгерлер – ҚР спорт шебері, жастар ҚРЧ жеңімпазы, кубоктар мен чемпионаттардың жүлдегері, №2 БЖСМ 1-санатты жаттықтырушысы Екатерина Бихерт және жоғары санатты жаттықтырушы, ҚР Ұлттық төрешісі Олеся Воинкова дайындайды.