Елордалық үздік ұстаздар 1 миллион теңгенің сертификатымен марапатталды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық үздік ұстаздар 1 миллион теңгенің сертификатымен марапатталды
коллаж Elorda.info

2024-2025 жылдары 90 мың оқушы орнына арналған 24 мектеп салынады.Бұл туралы Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

 

 

Ұстаздарымызға, ұстаздық жолда еңбегі сіңген ардагерлерімізге және білім беру саласының өзге де қызметкерлеріне арнап мерекелік концерт ұйымдастырып, еңбегін атап өттік. Мектептер мен колледждердің үздік ұстаздары «Құрметті педагог» медалімен және 1 миллион теңгенің сертификатымен марапатталды. Қаланың үш білім беру ұйымына (мектеп, балабақша, колледж) «Үздік білім беру ұйымы» атағы және 10 миллион теңгенің сертификаты тапсырылды.

Ұстаздың еңбегі әрқашан бағалы. Мұғалімдер балаларға білім беріп қана қоймай, қабілетін анықтап, өмірден өз жолын табуына жәрдем береді. Педагогтардың кәсібилігі пен өз ісіне деген жанашырлығының арқасында білімді жандардың бірнеше буыны қалыптасты, - деді қала әкімі.

 

Қала басшысы ұстаздар қауымына жағдай жасауға және қолдау көрсетуге ерекше назар аударады: педагогтардың жалақысы едәуір артты, біліктілікті арттыру бойынша түрлі бағдарламалар енгізілді, тұрғын үй сертификаттары, жоғары оқу орындарына білім гранттары бөлініп жатыр және т.б.

 



Біз өз тарапымыздан мектепке қажетті инфрақұрылым салу жұмысын жалғастырамыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елордада «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. 
2027 жылға дейін бас-аяғы 180 мыңға жуық оқушы орнына арналған 65 мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Бұл шаралар мектептердің шамадан тыс жүктемесін реттеп қана қоймай, болашақта орын тапшылығы мәселесін толығымен шешуге мүмкіндік береді.

Құрметті педагогтар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс және бақ-береке тілеймін, - деді Жеңіс Қасымбек.