Елордалық өрт сөндірушілер 17 адамды құтқарды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық өрт сөндірушілер 17 адамды құтқарды
Фото: ТЖД баспасөз қызметі

Астана қаласы Сембинов 7 мекенжайы бойынша орналасқан  Хан-Тәңірі тұрғын үй кешенінде өрт шыққан, деп хабарлады Elorda.info. 

Шақырудың жоғары дәрежесі бойынша келген өрт сөндірушілер  30 ш.м. алаңда жертөледен 9 қабатқа дейінгі кабельдік шахта жанып жатқаны анықталды.

Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді іс-қимылдарының нәтижесінде жанып жатқан тұрғын үй кешенінен 17 адам, оның ішінде 8 бала құтқарылды, - деді Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі.