Елордалық ауданның бірінен 8 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды
Жыл басынан бері арнайы полигондарға 8558 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Бұл туралы Астана қаласы коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Байқоңыр ауданының әкімі Талғат Рахманберді айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Аппараттың негізгі жұмыстарының бірі – аудан аумағын санитарлық тазарту. Ауданның жиналатын аумағының жалпы ауданы – 16 млн.ш 2 құрайды. Күн сайын 311 бірлік арнайы техника мен 450 жол жұмысшысы жұмылдырылған 21 мердігер ұйым аумақты санитарлық тазалауды жүргізеді, - деді аудан әкімі.
Брифинг барысында Талғат Рахманберді аудандағы проблемалық мәселелерді айтты.
Проблемалық мәселелердің бірі – рұқсат етілмеген полигондар. Осы жылы 56-дан астам рұқсат етілмеген полигондарды жою жұмыстары жүргізілді. Биыл 2 модульдік дәретхана («Жазушылар» аллеясы және «Ататүрік» саябағы) орнатылды. Ал келесі жылы адамдар көп жиналатын жерлерде тағы 15 дәретхана орнату жоспарда тұр, - деді аудан басшысы.