Елордада жаңа автобус бағыты іске қосылады
Астанада 23 қарашадан бастап жаңа автобустарды жеткізу аясында «Дәстүр» тұрғын үй кешені» – «Қ. Рысқұлбеков көшесі» қатынасымен жаңа № 84 бағыт іске қосылады, деп хабарлады Elorda.info.
Бағдарға 10 автобус қызмет көрсетеді.
Бағыт Тәуелсіздік даңғылындағы жаңа көпір арқылы жүреді. Осылайша елорданың оң жағалауы мен сол жағалауы арасындағы көлік қатынасы жақсартылады.
Сондай-ақ, «Дәстүр» ТК мен Қ.Рысқұлбеков көшелерінің арасындағы көліктік байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және Ұлы дала даңғылы, Ж.Нәжімеденов көшесі, А.Байтұрсынұлы көшесі, Р.Қошқарбаев даңғылы, Қ.Рысқұлбеков көшесі бойында орналасқан тұрғын үй кешендеріне көліктік қызмет көрсетуді арттырады. Қолданыстағы № 14, 32, 49, 50, 56 бағдарларының жүктемесін азайтады.
Айта кету керек, бұл Тәуелсіздік даңғылындағы жаңа көпір арқылы өтетін 2-бағдар және осы жылы іске қосылған 7-ші жаңа бағдар. Бұған дейін №27, 49, 56, 66 қалалық және №№ 328, 329 қала маңы бағдарлары іске қосылған болатын.