Елордада жөндеу жұмысына байланысты қандай көшелер жабылды

16 мамыр, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елордада жөндеу жұмысына байланысты қандай көшелер жабылды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада бірқатар көшеде құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты қаладағы кейбір жол учаскелері уақытша жабылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 16 мамыр күнгі мәлімет бойынша жабылған көше учаскелерін атады.

 Толығымен жабылған көшелер:

* 20 сәуірден 20 тамызға дейін – Бұқар жырау көшесінің Тәуелсіздік даңғылынан Қ.Қайсенов көшесіне дейінгі учаскесінде (кварталішілік жолдармен баламалы қозғалыс ұйымдастырылады);

* 9 сәуірден 30 тамызға дейін – Күйші Дина көшесі Мирас мектебінен М.Жұмабаев даңғылына дейін;

* 29 сәуірден 30 тамызға дейін – Ж.Молдағалиев көшесі Е-41 көшесінен Е-32 көшесіне дейін (Қозғалыс балама көшелер мен кварталішілік жолдармен ұйымдастырылған);

 Ішінара жабылған көшелер:

* 11-17 мамыр аралығында – Ш.Айтматов көшесі Ж.Молдағалиев көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейін (көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілген);

* 10-20 мамыр аралығында – Арқар көпірі (М1) (көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілген);

* 9-17 мамыр аралығында – М.Жұмабаев даңғылы Б.Момышұлы даңғылынан Балқантау көшесіне дейін (көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілген);

* 1 мамырдан 1 тамызға дейін – Ш.Бейсекова көшесі мен Н.Тілендиев даңғылының қиылысындағы көлік айырбасы (қозғалыс екі бағытта да 6 жолақты жолмен уақытша ұйымдастырылған);

* 14-17 мамыр аралығында – Ұлы Дала даңғылы Қабанбай батыр даңғылынан Мәнгілік Ел даңғылына дейінгі учаскеде (көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілген);

* 14-22 мамыр аралығында – Домалақ ана көшесі Қорғалжын тасжолынан Қ.Мұхамедханов көшесіне дейінгі учаскеде (көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілген);

* 15-20 мамыр аралығында – Тәуелсіздік даңғылы Қажымұқан көшесінен Күйші Дина көшесіне дейінгі учаскеде (көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілген);

* 12-17 мамыр аралығында – Фахт бен Абдул Азиз көшесі К.Байсейітова көшесінен Ш.Бейсекова көшесіне дейін (көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілген).