Елордадағы қар полигондарына түнгі уақытта 2 мың рейс қар шығарылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордадағы қар полигондарына түнгі уақытта 2 мың рейс қар шығарылды
фото: Астана қаласы әкімдігі

Елордадағы қар полигондарына түнгі уақытта 2 мың рейс қар шығарылды, деп хабарлады Elorda.info.

Қаңтардың 1-нен 2-не қараған түні елорда көшелерінен 30 654 текше метр қар немесе 2 204 рейс қар шығарылды.

Қала тұрғындарының қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында коммуналдық қызмет тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Астана көшелерін қардан тазартуға 1500-ден астам арнайы техника мен 2 500-дей жол жұмысшысы жұмылдырылды.

2.jpeg

Елордада бірнеше жабдықталған қар полигондары бар. Олар жүк көліктерінің нөмірлерін оқу жүйесімен жабдықталған. Ол жерде бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.

Елорда тұрғындары мен қала қонақтарын жолда абай болуға, жол ережесін сақтауға және алыс сапарға шықпауға кеңес береміз.

3.jpeg