Елордада велосипедші полиция талабына бағынбағаны үшін жауапкершілікке тартылды

29 сәуір, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
Елордада велосипедші полиция талабына бағынбағаны үшін жауапкершілікке тартылды
фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада полиция қызметкерлері патрульдеу кезінде жаяу жүргіншілерге арналған көпірде велосипедпен жүрген ер адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, жаяу жүргіншілерге кедергі келтіріп жатқанын байқаған, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Полиция қызметкері аталған жерде велосипедпен жүруге тыйым салынғаны туралы сыпайы түрде түсіндіріп, ескерту жасаған. Алайда ол құлақ аспай өзін дөрекі ұстап, заң талаптарына бағынғысы келмеген.

«Осыған байланысты полицейлер оны полиция бөлімшесіне жеткізді. Полиция департаменті заң бәріне ортақ екенін, оны сақтау — әр азаматтың міндеті болып табылатынын естеріңізге салады. Қазіргі уақытта қызметтік тексеру тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша барлық қатысушылардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады»,- делінген полиция хабарламасында.