Елордада «Қазіргі әлемдегі дін: проблемалары мен болашағы» атты оқыту семинары өтті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада «Қазіргі әлемдегі дін: проблемалары мен болашағы» атты оқыту семинары өтті
Фото: Оңалхан Өнерхан

Бүгін Елордада  Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы БАҚ өкілдерінің біліктілігін арттыру мақсатында «Қазіргі әлемдегі дін: проблемалары мен болашағы» атты оқыту семинарын өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Семинар экстремистік идеяларға қарсы «иммунитетті» нығайтуға және радикалды діни ағымдардың қауіптілігі туралы ескертуге, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталды.

Оқыту семинарға  Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Н.Б.Жүсіп, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті Интернет кеңістікте діни экстремизмнің алдын алуды үйлестіру басқармасының басшысы Ж.Ә.Долиев, Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы басшысы Қ.Д.Көшқалиев, Филология ғылымдарының кандидаты, Еуразия ұлттық университетінің «Телерадио және қоғаммен байланыс» кафедрасының меңгерушісі С.М.Дүйсенғазы, Әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшесі Т.Ж.Жақиянов, Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының талдау және мониторинг бөлімінің бас маманы А.Т.Романова, «Kazislam» ақпараттық-танымдық порталының бас редакторы Ескендір Зұлқайнар, РАТТ мүшесі, теолог, гуманитарлық ғылымдар магистрі Нұрахметұлы А, «Kazdream» ЖШС аналитигі, дінтанушы А.Ю.Антипин қатысты.

Семинар соңында қатысушылар сертификаттармен марапатталды.