Елордада қар күреуге 300-ден астам жол жұмысшысы шықты

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада қар күреуге 300-ден астам жол жұмысшысы шықты
Фото: қалалық әкімдіктің сайтынан

Елордада қар күреуге 300-ден астам жол жұмысшысы шықты

Астанада қардың мол жаууына байланысты қаланың коммуналдық қызметі тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлады Elorda.info қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

7 ақпан күні түстен кейін қар полигондарына 51 мың текше метрден астам қар шығарылды. 8 ақпанға қараған түні қала бойынша 300-ден астам жол жұмысшысы мен 1,4 мыңнан астам арнайы техника жұмыс істейтін болады. Күндіз қаладан 3,6 мың ауыр жүк көлеміне тең 51 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Қыс мезгілінің басынан бастап қар полигондарына 292 мың рейс арқылы 3,9 млн текше метрден астам қар жеткізілді.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша таңертең және түстен кейін 7, 8, 9 ақпан күндері Астанада қарлы боран, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батысқа ауысатын оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с, кейде 23-28 м/с болуы мүмкін.

Жарияланған дауылды ескертуге байланысты Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарын мамандардың ұсынымдарын тыңдауға, сақ болуға, ауа райының өзгеруі және енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалауға шақырады, - деп жазылған хабарламада.