Елордада 10 балабақшаның құрылысы жүріп жатыр
Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Jibek Joly телеарнасының «Уәде» бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Әкім балабақшамен, мектеппен қамтамасыз ету жоспарын бөлісті.
"Биыл біз 10 балабақшаның құрылысын бастадық. Оның үшеуі жақында ашылады. Олар - 2017 жылдан бері бірінші рет жергілікті бюджеттің арқасында салынып жатқан балабақшалар. Бұған дейін жекеменшік балабақшалар салынды. Ол жерде әрбір балаға ай сайын төленетін қаражат отбасылық бюджетке оңай емес. Сондықтан осындай шешім қабылдап, қазір 10 балабақшаны салуды бастадық. Олар 250-300 балаға дейін қабылдай алады. Бұл құрылыстарды бір жылдың ішінде бітіреміз. Содан кейін тағы 10 балабақшаның құрылысын бастаймыз деп жоспарлап отырмыз," - деді Жеңіс Қасымбек.
Сондай-ақ ол сұхбат барысында келесі жылы елордада 15 мектеп салу жоспарланғанын атап өтті.
"Келесі жылы шамамен 15 мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Мектеп салу - үлкен мәселе. Мысалы, мектеп салғаннан кейін бір мектепке шамамен 3 мың педагог керек. Қалалық әкімдік бір жылда педагог мамандарды дариялау мақсатында 1 мың грант бөледі. Грант көлемі басқа өңірлерге қарағанда 5-6 есе көп", - деді елорда әкімі.