Елорда тұрғыны құрылыс нысанынан 40 тонналық екі контейнер ұрлаған
Астана қаласында контейнерді ұрлаған жігіт ұсталды, деп хабарлады Elorda.info.
Polisia.kz мәліметінше, Есіл ауданының полиция басқармасының қызметкерлері құрылыс нысанынан 40 тонналық екі контейнер ұрлаған елорда тұрғынын әшкереледі.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 32 жастағы қала тұрғынын анықтады. Полицияға жеткізілгеннен кейін, ұсталған адам мойындау көрсетпелерін берді. Қазіргі уақытта аталмыш факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы Мұрат Абшекенов.
Ол өзінің қылмыстық жоспарын алдын-ала құрған. Эвакуатор жалдап, құрылыс нысанынан алып шыққан соң, мүлікті сатып жіберген. Құрылыс нысанына келтірілген шығын 5 млн теңгені құрады. Айта кетейік, тәжірибелі тәртіп сақшыларына кінәліні әшкерелеу үшін бір күн ғана қажет болды.