Елорда әкімі XIX Жазғы Азия ойындарының жеңімпаздарымен кездесті
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елорда әкімі XIX Жазғы Азия ойындарының жеңімпаздарымен кездесті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17207865226410562.webp)
Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.
Спортшыларымызбен – XIX Жазғы Азия ойындарының жеңімпаздарымен кездестім. Елорданың спортшылары 10 медаль жеңіп алды: 1 алтын, 3 күміс және 6 қола.
Спортшыларымыз қайсарлығының, табандылығының арқасында жақсы нәтиже көрсетті. Әрбір медальдың артында тоқтаусыз жаттығулар, жеңіске деген жігер, отбасының, жанкүйерлері мен жаттықтырушыларының қолдауы жатыр. Сіздер – елордамыздың ғана емес, бүкіл еліміздің мақтанышы болып есептелесіздер. Жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Алда әлі талай жарыс күтіп тұр, ең бастысы Парижде өтетін Олимпиада бар. Спорт командаларымыздың бәсекеге қабілетін арттыру үшін кешенді жұмыс жүргізуіміз керек. Кездесуде спорт нысандарын дайындау, жабдықтау, спортшылар мен жаттықтырушыларды ынталандыру мәселелері талқыланды,- деп жазы елорда әкімі.