Боран, көктайғақ: елордалық ТЖД ескерту жасады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Боран, көктайғақ: елордалық ТЖД ескерту жасады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының қолайсыздығына байланысты елорда тұрғындарына ескерту жасады, деп хабарлайды Elorda.info қала әкімдігіне сілтеме жасап. 

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, Астанада 4 желтоқсан күні қарлы боран, көктайғақ, екпіні 25 м/с дейін жел күшейеді деп күтіліп отыр.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарына жазатайым оқиғаларға ұшырамас үшін көшеде жүргенде өте мұқият және сақ болу керек екенін ескертеді.

Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.