00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Биыл Есіл ауданында 9 аула абаттандырылды

27 қараша, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Биыл Есіл ауданында 9 аула абаттандырылды
Фото: Е.Каналимовтың Instagram парақшасынан

Бүгін Астана қаласы мәслихатының депутаттары Есіл ауданы әкімдігінде көшпелі кеңес өткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимовтың айтуынша, ауданда 357 ауланың 40-ы абаттандыруды қажет етеді.

«Биыл 9 аула абаттандырылып, 56 мың шаршы метр тротуар плиткасы жаңартылды, оның ішінде Ботаникалық бақ пен ЭКСПО аумағы да бар. Ерекше назарды заңсыз қоқыс үйінділерін жоюға аудардық. Мәселелердің қатарында көшелердің құрылысын жүргізу және көлік жолдарының жағдайын қамтамасыз ету, оның ішінде «Времена года» тұрғын үй кешеніне апаратын асфальтталған жолдың құрылысын қарастыру керек», - деп жазды Е.Каналимов.

Сондай-ақ, кеңесте Ә.Бөкейхан көшесінің Керей мен Жәнібек хандар көшесінен Хусейн бен Талал көшесіне дейінгі аралықтағы жарықтандыруды кеңейту және абаттандыру мүмкіндігін қарастыру қажеттілігі туралы айтылды. Жолдың толық аяқталмаған учаскелері тұрғындарға едәуір қолайсыздықтар туғызып, әсіресе жаңбыр мен қар жауған кезде көлік апаттарының қауіп-қатерін арттырады.

Айта кетейік, бұған дейін мәслихат депутаттары Байқоңыр ауданының өзекті мәселелерімен танысқан болатын.