Бүгін Астанада 100-ден астам жол-көлік оқиғасы болды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бүгін Астанада 100-ден астам жол-көлік оқиғасы болды
Оңалхан Оңерхан

Бүгін Астанада 100-ден астам жол-көлік оқиғасы болды

Полиция департаменті жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жолда жүру ережесін қатаң сақтауға шақырады, деп хабарлады Elorda.info.

Астанада таңертеңнен бері 112 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Ауа райының қолайсыздығын ескере отырып, Астана қаласы Полиция департаменті жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жолда жүру ережесін қатаң сақтауға кеңес береді. Жүргізушілер қозғалыс кезінде мүмкіндігінше мұқият және қырағы болуы, жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты және маневр жасау ережелерін қатаң сақтауы қажет. Сондай-ақ, көлікті бірден тежеуден аулақ болғаны абзал. Жаяу жүргіншілерден жолды тек белгіленген жерлерден кесіп өтуін сұраймыз. Жүргізушілерге жаяу жүргіншілерге арналған жолақтардан өту кезінде қозғалыс жылдамдығын мейлінше азайтуды және мектептер мен білім беретін мекемелердің жанынан өте мұқият болуды ескертеміз. Жол жүру ережелерін бұзған кезде қолданыстағы заңға сәйкес жауапкершілік бар екенін ескертеміз, - деді Астана қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Гүлмира Шырақметова.