00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанды сенімді энергия көзімен қамтамасыз етеді

Қазақстанды сенімді энергия көзімен қамтамасыз етеді
Фото: дереккөз

Нарықтағы электр энергиясының тапшылығын, өсіп келе жатқан қажеттіліктер мен жабдықтардың тозуына байланысты елімізде АЭС салу қажет. Бұл туралы бүгін елордадағы «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының автошаруашылығы» кәсіпорнында өткен ақпараттық түсіндіру жиынына «Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС атом энергетикасы басқармасының жетекші инженері Асуан Сиябек айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Осы уақытқа дейін 13 реакторлық технология қаралды. Олар сүзгіден өткізіліп, арасынан 4 реакторлық технология таңдалып алынды. Атап айтқанда, Оңтүстік Кореяның, Ресейдің, Қытайдың және Францияның технологиялары. Барлығы технологиялық-экономикалық жағынан ұқсас. Қуаттылығы 1,2 Гб-дан 1,4 ГБ-ға дейін электр энергиясын береді» , - деп түсіндірді сарапшы.

      Спикер АЭС жасыл технология қатарына жататынын, себебі көмірмен жұмыс істейтін жылу электр орталықтары сияқты парниктік газ бөлмейтінін, сондықтан экологияны жақсартуға септігін  тигізетінін жеткізді. 

«АЭС арқылы ғылыми-техникалық және кадр әлеуеті өседі. Атом саласындағы жаңа технологиялар ғылыми зерттеулер жүргізуге, жаңа буын тәрбиелеуге көмектеседі. Қазір АЭС-тың негізгі жұмыс істеу мерзімі 60 жыл деп айтамыз, бірақ оны тағы 20-30 жылға созуға болады. Яғни 80-90 жылға дейін тұтынушыларды сенімді энергиямен қамтамасыз етуге болады. Егер АЭС салынса, ол орналасатын аумақта инфрақұрылым дамиды. Мысалы, жолдар, мектептер, ауруханалар салынады.

Ураннан шығатын жылу бөлінгіш құралдардың әлеуетін көтеріп, өзімізде қолданамыз. Жаңа жұмыс орындары құрылады» , - деді спикер. 

      Кәсіпорын қызметкерлері АЭС салу мерзімі, қауіпсіздігі және экономикалық тиімділігіне қатысты сұрақтар қойды. Жалпы алдағы референдумға қатысуға көпшілігі ниет танытып отыр, себебі бұл еліміздің болашағы үшін маңызды оқиға екенін жете түсінетін азаматтар қатары көбеюде. 

Райхан Рахметова