Ауа райына байланысты астаналық полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Ауа райына байланысты астаналық полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/10/172844957216445350.webp)
фото: Оңалхан Өнерхан
Ауа райына байланысты астаналық полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Астаналық полицейлер тәулік бойы кезекшілік атқарып жатыр.
Ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілерден ұзақ сапарға шықпауын сұраймыз. Қала көшелерінде ауа-райының қиын жағдайын ескере отырып, өте сақ болып, белгіленген жылдамдықты қатаң сақтау керек.Ерекше сақтық шараларын жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де сақтағаны жөн. Жүргізушілер үшін жолдарда жаяу жүргіншілердің көрінуі қиын, сондықтан көліктердің тоқтағанына көз жеткізіп, жолды белгіленген жерлерден ғана кесіп өту керек, - деді Астана қаласы Полиция департаменті.
Ұқсас жаңалықтар