Астананың жаңа бас жоспары бойынша қоғамдық талқылау аяқталды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астананың жаңа бас жоспары бойынша қоғамдық талқылау аяқталды
фото: Elorda.info.

Бүгін елордалықтар «Жастар» сарайына жиналып, Астананың 2035 жылға дейінгі бас жоспарына қатысты қорытынды қоғамдық талқылауға қатысты, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.

Бас жоспарды қоғамдық талқылаулар 21 тамыздан бастап «Астана бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалау институтында және әр ауданда жеке-жеке өтті.

«Астана бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалау институтының директорының орынбасары Серік Әбдірахмановтың сөзінше, тұрғындар тарапынан әр күн сайын 50-ге жуық ұсыныс-пікірлер түскен. 

WhatsApp Image 2023-08-25 at 12.12.09.jpeg

Біз осы дүйсенбіден бастап  тұрғындарға Астананың бас жаңа жоспарын таныстырдық. Қаламыздағы барлық бес ауданда жеке талқылаулар өтті. Орта есеппен алғанда талқылаулар нәтижесінде түрғындардан күніне 40-50-ге жуық  ұсыныс пен өтініштер түсті. Өкінішке орай, келіп түскен сұрақтардың көбі бас жоспарға қатысты емес. Олар аудан әкімдігі қарастыратын мәселелер. Дегенмен бас жоспарды бекітетін кезде барлық сұрақтар ескеріледі,- дейді Серік Әбдірахманов. 

WhatsApp Image 2023-08-25 at 12.12.05.jpeg

Қорытынды талқылау жинына Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Алмас Жанбыршы да қатысты. Оның сөзінше, барлығы 250-ден астам сұрақ қойылған. 

Қоғамдық талқылау күндері  барлығы 250-ден астам сұрақ қойылды. Оның  тек 40 пайызы ғана бас жоспарға қатысты. Айтылған мәселелердің көбі аудан әкімдіктеріне қатысты сұрақтар болып шықты. Сонымен қатар біз осы аптада бас жоспарды қалалық қоғамдық кеңесте де талқыладық. Кеңес мүшелерінен бірқатар ұсыныс-пікір алдық. Осы қоғамдық талқылаулардағы бас жоспарға қатысты сұрақтарға анализ жасалады. Жыл соңына дейін Астананың 2035 жылға дейінгі бас жоспары бекітіледі,- дейді басқарма басшысы Алмас Жанбыршы.

Байқағанымыздай, тұрғындардың ұсыныстарының басым бөлігі әлеуметтік нысандардың жетіспеушілігі, балабақша құрылысының мақсатты салынуы, кіші Талдыкөл өзені маңындағы құрылыс туралы және саябақтар мен саяжайларды көбейту мәселесіне қатысты болды.

Астананың бас жоспарында урбанистер демалыс орындардың жайлылығы мен көгалдандыру мәселесіне де мұқият көңіл бөліп отыр. Бұл туралы қорытынды талқылау жинына қатысқан қалалық Урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкен айтып берді.

WhatsApp Image 2023-08-25 at 12.12.09 (1).jpeg

Қаланы көгалдандыру бойынша 2024, 2025, 2026 жылдарға арналған жоспар жасақтап жатырмыз. Онда көшелердің, қоғамдық кеңістіктердің және жағалаудың реконструциясы көрсетілетін болады. Бұған қатысты алдағы уақытта қоғамдық тыңдау өтеді.  Біз елордадағы барлық саябақтар арқылы Есіл өзеніне шығуға болатын жолдарды қарастырамыз. Осы  арқылы тұрғындарға ыңғайлы тынығып, демалуға мүмкіндік жасамақпыз, - деді Елнар Базыкен.  

WhatsApp Image 2023-08-25 at 12.12.10.jpeg

Айта кетейік, 2035 жылға дейін жасалған жоба 2 миллион 275 мың тұрғынға жоспарланған.

WhatsApp Image 2023-08-25 at 12.12.10 (2).jpeg