Астананың Бас жоспары бойынша қоғамдық талқылаулар өтеді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астананың Бас жоспары бойынша қоғамдық талқылаулар өтеді
фото: Оңалхан Өнерхан

Bes.media Телеграм каналында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің қатысуымен тікелей эфир өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Елорда әкімі қала мен оның тұрғындарына қатысты маңызды сұрақтарға жауап берді. Жеңіс Қасымбектің сөзінше, тамыз айында елорданың 2035 жылға дейінгі жаңа Бас жоспарының қоғамдық талқылауы өтеді.

Жаңа бас жоспар урбанизация, белсенді көші-қонға, құрылыс қарқынының ұлғаюына және өзге себептерге байланысты әзірленіп жатыр. Мемлекеттік органдармен биыл күзде келісілетін болады. Тамыз-қыркүйек айларында қоғамдық тыңдаулар өткіземіз, - деді Жеңіс Қасымбек.