00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астаналық полицейлер адамдарды себепсіз соққыға жыққан бұзақыларды ұстады

15 мамыр, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астаналық полицейлер адамдарды себепсіз соққыға жыққан бұзақыларды ұстады
Фото: МВД РК

Астанада ішімдік ішіп, тұрғындарға күш көрсеткен бұзақылар ұсталды, деп хабарлады Elorda.info.

Астана қаласы ПД Байқоңыр ауданы полиция басқармасына қала тұрғыны хабарласып, бұзақылардың әрекетіне шағымданған. Жедел әрекет еткен аудандық полиция басқармасының тәртіп сақшылары бұзақыларды іздеу шарасын ұйымдастырып, оқиға болған жердегі бейнекамералардағы жазбаларды тексерген. Соның нәтижесінде күдіктілер қолға түсті.  

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жас жігіттер қала көшелерінде түнгі уақытта тыныш жүрген азаматтардың мазасын алып, себепсіз қоқан-лоқы көрсетіп оларға соққы жұмсағаны анықталды. Олар спирттік ішімдікке масайып қалғандықтан қала көшесіндегі тұрғындармен себепсіз ерегесіп, күш жұмсағанын айтты.  Қазіргі уақытта аталған күдіктілердің үстінен тиісті тергеу жұмыстары басталып, басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр», - деді Астана қаласы ПД баспасөз қызметі.