Астаналық құтқарушылар қаза тапқан әріптестерін еске алды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астаналық құтқарушылар қаза тапқан әріптестерін еске алды
Фото: Elorda.info

Бүгін Құтқарушылар аллеясында қаза тапқан қызметкерлерді еске алу рәсімі өтіп, гүл шоқтары қойылды, деп хабарлады Elorda.info.

 

 

Оған Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов, ТЖД басшылары және қызмет бабында қаза тапқан қызметкерлердің жақындары қатысты.

 

Іс-шара соңында азаматтық қорғау органдарына жаңадан келген қызметкерлерден ант қабылдау рәсімі өтті.

 

Елімізде жыл сайын 19 қазан күні Құтқарушылар күні атап өтіледі. 

 

Құтқарушылар күнінің қарсаңында осындай еске алу шарасын өткізіп отырмыз. Тәуелсіздік жылдарында 69 өрт сөндіруші, құтқарушы, офицер, сержант зардап шеккен халыққа көмектесіп, қызмет барысында ерлікпен қаза тапқан. Ерлікпен қаза тапқандар мәңгі ел есінде қалады. Біз әрдайым уақытында көмек көрсетуіміз керек және төтенше жағдайдың алдын алуымыз қажет, - деді министр.

 

Сондай-ақ Сырым Шәріпханов алда келе жатқан мерекемен құттықтады. 

Құрметті әріптестер. Сіздерге зор денсаулық пен жақсылық тілеймін Жұмыстарыңыз алға баса берсін. Біз құтқару жұмысынан алдын алу жұмысқа көбірек көңіл бөлуіміз керек. Бастысы еліміз гүлдене берсін. Төтенше жағдайлар болмасын, - деп сөзін түйіндеді генерал-майор Сырым Шәріпханов.

 

Құтқарушы – ерлік пен ержүректілікті талап ететін мамандық. Олардың шыдамдылығы, төзімділігі, жеделділігі кез келген төтенше жағдаймен күресуге мүмкіндік береді. Олардың арасындаөзгелердің өмірін құтқару жолында өз змірін құрбан етіп, қызмет бабында ерлікпен қазақ тапқандар бар. Солардың бірі – Асқар Забикулин. Ол 2022 жылы 16 қарашада 3 адамның өмірін құтқарып, ауыр жарақатпен ауруханаға түскен. Ал 20 қарашада ауыр жағдайда көз жұмған болатын. Оның артында әйелі мен екі баласы қалды.