00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астаналық еріктілер Сарыарқа ауданының аруларын құттықтады

8 наурыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астаналық еріктілер Сарыарқа ауданының аруларын құттықтады
Фото: Астана қаласы әкімдігі сайтынан

Бүгін «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері Халықаралық әйелдер күні мейрамымен Сарыарқа ауданының нәзікжандыларына гүл сыйлады, деп хабарлады Elorda.info.

08-03-14.jpg

Іс-шараның мақсаты – астаналық қыз-келіншектерге мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлау. 

Біз аруларға қызғалдақ гүлдері мен тәтті шоколадтар тараттық. Мұндай акция жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады, - дейді еріктілердің бірі Айдан Байғанды. 

Елордалықтар көрсетілген құрметке риза болып, еріктілердің  ниетіне алғыстарын білдірді.

Көңіл-күйіміз көтерілді. Мерекелік аура сыйлады. Ұйымдастырушыларға, еріктілерге алғысым шексіз. Бүгінгі мейрам құтты болсын, - дейді Жамал Айтпаева. 

Айта кетейік, акция әлі жалғасып жатыр. Еріктілер аруларға 50-ден аса гүл сыйлады.