Астанада жаңа өрт сөндіру депосы ашылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада жаңа өрт сөндіру депосы ашылды
Фото: Ж.Қасымбектің Instagram парақшасынан

Астанада жаңа өрт сөндіру депосы ашылды

Жаңа депоның ашылуына Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қатысты. Ол өз сөзінде өрт сөндіру қызметінің базалық және әлеуметтік жағдайын жақсарту жұмыстары жалғаса беретінін айтты.

Өрт сөндірушілеріміз бен құтқарушыларымыз қала тұрғындарына күн сайын көмекке ұмтылады. Олардың қызметі жауапты, күрделі әрі маңызды. 

Біз өз тарапымыздан олардың еңбек жағдайларын жақсартуды ары қарай да жалғастырамыз. Мәселен, қазір «Үркер» елді мекенінде өрт сөндіру депосын салып жатырмыз. Сол сияқты «Телман» және «Интернациональный» елді мекендерінде, 28-ші көшеде тағы үш бөлімшені жобалап отырмыз. Өткен жылы департаменттің автопаркін 21 техникамен күшейттік, - деді қала әкімі.

eabb4abe-4a26-4e67-9556-cc975864657d.jfif

Жаңа өрт сөндіру депосында негізгі және арнайы мақсаттағы техникалар бар. Өрт сөндіру бөлімінің негізгі ғимаратында шығуға арналған төрт бокс, қызметтік кабинеттер, кеңес залы бар; аумағында оқу мұнарасы, спорт және ойын алаңдары орналасқан.

347c8e55-5df9-4cf1-b7e5-09c4a0245517.jpg

6a83b70e-8c53-4513-8a2e-c70b54444f80.jpg

Сонымен қатар, депо аумағында елордалық гарнизон қызметкерлері үшін 18 қызметтік пәтерге арналған жатақхана қарастырылған.