Астанадағы «Жастар» саябағы қалай өзгерді
Елордалық «Жастар» саябағы абаттандыру бағдарламасы аясында айтарлықтай өзгерді. Астаналықтардың сүйікті орны қалай өзгергені туралы Elordainfo.kz қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлады.
Ақбұлақ өзенінің жағасындағы «Жастар» саябағы енді демалыс уақытын өткізуге жаңа мүмкіндіктер ұсына отырып, бұрынғыдан да жақсара түсті. Енді мұнда памп-трек, скейт-паркі, жаңа ойын алаңы пайда болды.
Сонымен қатар саябақ аумағында заманауи «Сана» спорт кешені жұмыс істейді, ол әртүрлі спорт түрлерімен және физикалық белсенділікпен айналысуға мүмкіндік береді.
Саябақтың бұлай түрленуі және спорт кешенінің интеграциясы аумақтың дамуындағы жаңа кезеңді бейнелейді, жасыл аллеяларда серуендеу, спорттық іс-шаралар немесе отбасылық демалысты ұйымдастыруға бұл таптырмайтын кеңістік. Мекенжайы: Ақбұлақ өзенінің жағасында, «Сана» спорт кешеніне қарама-қарсы орында орналасқан.