«Лазурный берег» тұрғын үй кешені орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Лазурный берег» тұрғын үй кешені орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылды
Фото: Василий Крась

Астанадағы бұл тұрғын үй кешенінде 100-ге тарта пәтер бар, деп хабарлады Elorda.info.

 

27-09-11.jpg

«АМANAT» партиясы «Халықпен бірге!» деп аталатын сайлауалды бағдарламасын жариялап, сайлаушылардың сенеміне ие болды. Енді уәдеге беріктік танытып, халықты толғандыратын мәселелерді шешу маңызды. Бізге «Лазурный берег» тұрғын үй кешені тұрғындары жылу жүйесіне қатысты  шағымдарын айтты. Мәселенің анық-қанығына көз жеткізіп, Нұра ауданының әкімдігімен бірге шешімін табуға атсалыстық. Нәтижесінде тұрғын үй кешені орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылды. Енді қазан айының алғашқы онкүндігіне дейін электр жарығын шешеміз, – деді мәслихат депутаты Кендебай Адамбеков.

27-09-13.jpg

2017 жылы пайдалануға берілген тұпғын үй кешенінде әлі де шешімін таппаған инфрақұрылым-электр жарығы, абаттандыру, көгалдандыру, балалар ойын алаңқайын салу секілді мәселелер бар. Ол мәселелер алдағы уақытта аудан әкімдігімен бірлесе шешілмек. 

Былтыр қыста қиындыққа тап келдік.  Ол кезде тұрғын үйдің жылу жүйесі автономдық қазандық арқылы газға қосылған болатын. Соның салдарынан жылу үшін ай сайынғы төлем 50 мыңға дейін шығып, тұрғындарға қаржылық тұрғыда қиындық тудырды. Сондықтан газдан бас тартып, қыс бойы жылусыз отыруға тура келді.  Ерте көктемнен қала мәслихаты мен , қалалық әкімдікте мәселені ұдайы көтердік. Біздің шағымымызды мәслихат депутаттары дұрыс қабылдап, шешілуіне септігін тигізді. Халық қалаулыларына ризашылығымды білдіремін, - деді тұрғын Эльмира Зарипханова.